Шығын 100 млн теңгеден асады: Ақтөбеде тұрғындарды алдаған күдікті ұсталды

Көрші облыстың тұрғыны пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргіземін деп бір жыл ішінде 10-нан астам ақтөбелікті алдаған
Sputnik
АСТАНА, 13 қараша – Sputnik. Ақтөбеде 10-нан астам тұрғынды алдап, 100 млн теңгені жымқырған күдікті ұсталды, деп хабарлады polisia.kz.
Полиция алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
"Тергеу барысында көрші облыстың тұрғыны пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргіземін деп бір жыл ішінде 10-нан астам ақтөбелікті алдап, олардың қаражатын иемденгені анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті жәбірленушілерден алдын ала төлемді қолма-қол алып, кейін оларға хабарласуды тоқтатқан. Келтірілген жалпы материалдық шығын 100 млн теңгеден асады.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Ипотека рәсімдеуге көмектесемін деген әйел адамдарды 50 млн теңгеге алдаған