Тоқаев Мәскеудегі "Белгісіз жауынгер бейіті" ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды

Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады
Sputnik
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарының екінші күні Александр бағындағы "Белгісіз жауынгер бейіті" мемориалына гүл шоғын қою рәсімінен басталды.
Мемлекет басшысы "Белгісіз жауынгер бейіті" ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды
Бір минут үнсіздіктен кейін оркестр Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады. Содан соң Құрмет қарауылы еліміздің ресми делегациясының алдынан салтанатпен сап түзеп өтті.
Мемлекет басшысы "Белгісіз жауынгер бейіті" ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды
Айта кету керек, Қазақстан Ұлы Жеңіске зор үлес қосты. Майданға 1 миллион 200 мыңнан астам қазақстандық аттанып, олардың тең жартысы ерлікпен қаза тапты. Бес жүзден астам отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атанды.
Тоқаев Мәскеуге мемлекеттік сапармен барды