Путин Тоқаевқа орыс тілін қолдағаны үшін алғыс айтты

Ресей басшысы Қазақстан президентіне алғыс білдірді
Sputnik
АСТАНА, 12 қараша — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путиннің бұқаралық ақпарат құралдарына бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресей басшысы орыс тілі Қазақстанда кеңінен және еркін қолданылатынын атап өтті.
"Қазақстанда орыс тілі кеңінен және еркін қолданылады. Сол үшін Қазақстан президентіне алғыс айтамын. Елдің Конституциясына сәйкес орыс тілі ресми тіл болып бекітілген және оны өмірдің әртүрлі салаларында қолдануды республика басшылығы қолдайды", - деді Путин.
Ресей президенті жақында РФ үкіметінің қолдауымен Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында орыс тілді үш мектеп ашылатынын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Тоқаев Ресейде Қазақстан университетінің алғашқы өкілдігінің ашылуы елеулі уақиға болғанын айтқан еді. Оның мәліметінше Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің базасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы жемісті жұмыс істей бастаған.
Ресей президенті кәсіби-техникалық мамандарды Қазақстанмен бірлесіп даярлауды ұсынды