АЛМАТЫ, 12 қараша – Sputnik. Маңғыстау облысында 10 айда 165 мыңнан астам адам АИТВ (ВИЧ) ауруына тексерілді, оның 44-і оң нәтиже берген. Бұл туралы Lada.kz жазды.
Өткен жылдың осы кезеңінде 140 000 зерттеу жүргізіліп, 57 адамның инфекцияны жұқтырғаны анықталды.
Науқастардың көпшілігі 18 бен 47 жас аралығындағы сау, еңбекке қабілетті адамдар. 84,1%-де ауру гетеросексуалды жолмен жұққан. Қалғандары – ер адаммен байланыста болған кезде (9,1%), есірткіні қолдану (4,6%) және секс қызметті пайдаланудан жұққан.
"Жұқтырғандардың 72,7%-і ер, 27,3%-і әйел. Есепте бес бала тұр", - деп атап өтті АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі өңірлік орталықтың мамандары.