Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Кличко Украинада сарбаз жетіспеушілігі артып келе жатқанын айтты

Sputnik
АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Украина сарбаз жетіспеушілігіне тап болып отыр, миллиондаған азамат қазіргі уақытта шетелде жүргендіктен мемлекет үлкен қиындыққа тап болып отыр, деп мәлімдеді Киев мэрі Виталий Кличко.
"Бізде сарбазбен, адам ресурстарымен байланысты үлкен проблема бар... Жастардың жартысы (шетелден – ред.) оралса, біз қуанар едік... Бірақ ол үшін бізге бейбітшілік, жұмыс орындары және сапалы өмір қажет. Соғыстан кейін бізді үлкен қиындық күтіп тұр", - деді Кличко Politico басылымына берген сұхбатында.
Соңғы кездері Украина Қарулы Күштері кадр жетіспеушілігіне тап болып отыр.
Еске сала кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Украина қақтығысынан АҚШ-қа 350 миллиард доллар залал келгенін айтқан болатын.
"Жалпы мен сегіз соғысты аяқтағанымды ұмытпаңыздар, тоғызыншысы жақындап келеді. Мен бұл соғысты да өзім шешемін деп ойлаймын", - деді Трамп Ақ үйде.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украина қақтығысынан АҚШ-қа келтірілген залалды бағалады