АЛМАТЫ, 11 қараша – Sputnik. Түркістан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылында полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде полицейдің қалтасын тексеріп жатқаны жайлы видео тарады. Ол 200 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген.
"Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментімен бірлесіп, құқыққа қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен аудандық полиция бөлімінің қызметкерін ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Қызметкер қызметінен босатылды. Басқа жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде.