АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. Түркияның C-130 әскери ұшағы Грузия мен Әзербайжан шекарасында апатқа ұшырады, деп хабарлайды Sputnik Грузия.
Түркияның Қорғаныс министрлігі апат болғанын растады. Ұшақ Әзербайжаннан қайтып келе жатқан.
Грузия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше ұшақ Әзербайжан шекарасынан бес шақырым жерде апатқа ұшыраған.
"Сакаэронавигация" компаниясының хабарлауынша, C-130 Грузия аумағына кіргеннен кейін бірнеше минуттан соң радардан жоғалып кеткен.