"Арсенал" - "Қайрат" ойынына билеттер сатылымға шығатын күн белгілі болды

Билеттердің бағасы 44,80 мен 80 фунт стерлинг аралығында немесе шамамен 30 -50 мың теңге аралығында болады
Sputnik
АСТАНА, 11 қараша – Sputnik. "Арсенал" Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінде Алматының "Қайратына" қарсы ойынға билеттер сатылымын басталатынын жариялады, деп хабарлады sports24.kz.
Клубтың ресми сайтында ойын баға бойынша "В" санатына жатқызылғаны айтылған.
Билеттердің бағасы 44,80 мен 80 фунт стерлинг аралығында немесе шамамен 30 -50 мың теңге аралығында болады. Алдын ала сатылым 21 қарашада басталады, жалпы сатылым кейінірек болады.
"Арсенал" мен "Қайрат" 2026 жылдың 29 қаңтарында "Эмирейтс" стадионында кездеседі.
Еске салайық, алдыңғы матчта алматылық команда "Сан-Сирода" "Интермен" ойнап, 1-2 есебімен жеңіліп, италиялыық баспасөзді таңғалдырды.
Төрт турдан кейін "Қайрат" осы кезеңнің жалпы турнирлік кестесінде бір ұпаймен 34-ші орында тұр.
Спорт
"Қайрат" қатарынан екінші рет футболдан Қазақстан чемпионы атанды