Қазақстандықтар зейнетақы жинағын ипотекалық кредит мерзімін қысқарту үшін қолдануы мүмкін

Енді екінші деңгейдегі банктер зейнетақы жинақтарын қарызды пайдаланғаны үшін сыйақыны өтеуге, ішінара мерзімінен бұрын өтеу ретінде емес, атап айтқанда - негізгі борышты өтеуге пайдаланады
Sputnik
АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану туралы қолданыстағы қағидаларға өзгерістер енгізіледі.
Ол үшін жаңа бұйрық жобасы әзірленіп, талқылауға шығарылды.
"Екінші деңгейдегі банктер зейнетақы жинақтарын қарызды пайдаланғаны үшін сыйақыны өтеуге, ішінара мерзімінен бұрын өтеу ретінде емес, атап айтқанда - негізгі борышты өтеуге пайдаланады", - деп жазылған хабарламада.
Осылайша, банктер алдындағы борыштық жүктемені азайту үшін негізгі қарызды өтеу не ай сайынғы төлемді азайту не ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кредит мерзімін қысқарту ұсынылады, деп түсіндірді өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство хабарлағандай, өзгертулер жаңа Салық кодексінің редакциясына сәйкес келтіру мақсатында қабылданғалы отыр. Өйткені, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері түріндегі кірістен жеке табыс салығын ұстаудан босатуды көздейді.
Бұйрықтың жобасы 2025 жылғы 6 қарашада "e-gov" ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.
Зейнетақы жинағын пайдалану: жеткілікті шекке қатысты шешім қашан қабылданады