АЛМАТЫ, 10 қараша – Sputnik. Атырауда мердігер компаниядан ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
29 қазанда Атырау облысы полиция департаментіне жол компаниясының қызметкері жүгінген.
"Өзін блогер және "азаматтық белсенді" деп таныстырған белгісіз ер адам одан 30 миллион теңге талап еткенін айтып шағымданды. Өтініш берушінің айтуынша, күдікті оған психологиялық қысым көрсетіп, талап орындалмаған жағдайда әлеуметтік желілерде кәсіпорынның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін материалдар таратамын деп қорқытқан", - дейді ведомство.
Жедел іс-шаралар барысында полиция 43 жастағы күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта ірi мөлшерде мүлiк алу мақсатында жасалған қорқытып алу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.