Елена Рыбакина WTA финалында жеңіске жеткен Азиядағы алғашқы теннисші атанды

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыны жеңісімен құттықтап, "Барыс" орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды
Sputnik
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Эр-Риядта өткен WTA қорытынды турниріндегі жеңісімен құттықтады.
Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында 2025 жылғы WTA финалының ақтық ойыны аяқталды.
Трофей үшін шешуші кездесуде Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирінің төрт дүркін чемпионы, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Сабаленканы (Беларусь) 6:3, 7:6 (7:0) есебімен жеңді.
Осылайша, турнирде жеңіске жеткені үшін Елена 1500 рейтингтік ұпай жинап, максималды соманы алды, әйелдер теннисі тарихындағы рекорд – 5,235 миллион АҚШ доллары, ал дүйсенбіде, 10 қарашада әйелдердің жаңартылған әлемдік рейтингінде бесінші орынға көтеріледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев теннисшіні жеңісімен құттықтады.
"Сіз теннистен жыл қорытындысы саналатын беделді жарыста шеберліктің озық үлгісін көрсетіп, асқан ерік-жігердің арқасында жеңіске жеттіңіз. Қазақстандық және әлемдік теннис спортының тарихындағы осынау айтулы жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймын және ризашылығымды білдіремін", - деді Тоқаев.
Президент спортшыны "Барыс" орденімен марапатталаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
"Дүбірлі додадағы жеңісіңізді, теннистің дамуына қосқан үлесіңізді және аталған спортты елімізде насихаттауға сіңірген еңбегіңізді ескере отырып, Сізді ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойдым", – делінген құттықтауда.
Елена Рыбакина WTA-ның оныншы титулын жеңіп алды