Алматыдағы балалар үйінен өрт шықты

Балалар үйінің тәрбиеленушілері эвакуацияланды
Sputnik
АЛМАТЫ, 9 қараша – Sputnik. Алматыдағы балалар үйінен өрт шықты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
"Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, балалар үйінің аумағындағы асхана ғимараты өртеніп жатыр", - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі балалар үйінің тәрбиеленушілері эвакуацияланғанын, қауіпсіз жердегі ғимаратқа орналастырылғанын хабарлады.
Түркістан облысында той кезінде мейрамханада өрт шықты