АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан АҚШ президенті Дональд Трампқа Украинадағы келісімге келуге көмектесуді ұсынғанын айтты.
Бұл туралы РИА новости жазды.
"Венгрия АҚШ президентіне Ресей-Украина соғысында бейбітшілікке қол жеткізуге көмектесу үшін өз мүмкіндіктерін табанды түрде ұсынады", - деді Орбан Трамппен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында.