Шымкентте 10 млн теңге талап еткен блогер ұсталды

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде электронды құрылғылар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді
Sputnik
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Шымкент қаласында мемлекеттік қызметшіден 10 млн теңге талап еткен блогер ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Лауазымды тұлғадан ақша бопсалаған блогер-журналист жедел іздестіру іс-шаралары барысында қолға түсті.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен. Ол бұл сомаға әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпауға уәде берген", - дейді полицейлер.
Қазіргі қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде электронды құрылғылар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді.
Блогер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Түркістан облысында кәсіпкерден 4 млн теңге талап кеткен блогер ұсталды