Фото

Гизада құны миллиард доллар болатын музей ашылды - фото

Ежелгі Мысыр пирамидаларының жанында Гизада әлемдегі ең үлкен бірегей музей ашылды. Енді Ежелгі Мысырда табылған көне артефактілер мен қазыналарды бір жерден тамашалауға болады.
Sputnik
Гизадағы Үлкен Мысыр музейінің құрылысы 20 жылға созылды, ал оның құны миллиард доллардан асып кетті. Он мыңдаған экспонаттардың кейбірін суреттер топтамасынан көре аласыздар.
1 / 8

Көрме жеті мыңжылдықты қамтиды. Орталық залда келушілерді ІІ Рамзестің алып мүсіні қарсы алады.

Суретте: Гизадағы Үлкен Мысыр музейінің ресми ашылуынан кейінгі алғашқы күні туристер перғауын ІІ Рамзес мүсініне таңданып тұр.

2 / 8

Кіреберісте келушілер ерекше құрылым – биіктігі 16 метрден асатын ескерткішті көре алады. Ескерткіштің өзі шамамен 3500 жыл бұрын пайда болған және ол шыны едені бар заманауи құрылымға орнатылған.

Суретте: Гизадағы Үлкен Мысыр музейіндегі экспонаттар.

3 / 8

Музейдің ең басты жәдігері - бұрын Каир музейінде сақталған әйгілі алтын масканы қоса алғанда, Тутанхамонның толық топтамасы.

Суретте: Музейге келушілер Тутанхамон патшаның алтын жерлеу маскасын суретке түсіріп жатыр.

4 / 8

Үлкен Мысыр музйеінің коллекциясында 100 мыңнан астам артефакт бар, ал Луврдағы олардың саны небәрі 35 мыңға жетеді.

Суретте: Гизадағы Мысыр музейінің ресми ашылуы.

5 / 8

Жобаның ауқымы таңқаларлықтай. Кешеннің жалпы ауданы шамамен 500 мың шаршы метрді құрайды. Бұл іс жүзінде тұтас қаланың көлеміне тең.

Суретте: Гиза қаласындағы Үлкен Мысыр музейіне келушілер. 2025 жылдың 4 қарашасы.

6 / 8

Бұл алып құрылымды салуға жиырма жылға жуық уақыт кетті. Көрме ежелгі Мысыр тарихының жеті мыңжылдығын қамтиды.

Суретте: Гизадағы Үлкен Мысыр музейіндегі экспонаттар.

7 / 8

Музейд 12 үлкен көрме залы бар. Келушілер музейде уақытты кері қайтарып, тарихқа саяхаттап бара жатқандай сезімде болады.

Суретте: Келушілер Үлкен Мысыр музейінің экспонаттарын тамашалап жатыр.

8 / 8

Ел билігі музейдің ашылуын Мысырдың әлемге жасаған сыйы деп атады.

Суретте: Гизадағы Үлкен Мысыр музейіндегі экспонаттар.