Түркістан облысында атыс болып, 17 жастағы бозбала көз жұмды

Жедел іздестіру нәтижесінде күдіктілер анықталды
Sputnik
АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. Түркістан облысы Түлкібас ауданында жастар арасында атыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Атыс салдарынан 2008 жылы туған бозбала көз жұмды. Тағы үш тұрғынға оқ тиіп, жараланған. Оқиға 2 қарашада болған.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"Оқиға салдарынан бір адам көз жұмып, үш адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жедел іздестіру нәтижесінде күдіктілер анықталды. Олардың біреуі ұсталып, қамауға алынды", - дейді Түркістан облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалған. Күдікті екінші адамға полиция іздеу жариялады.
Жамбыл облысында ауылда атыс болды: 4 адам жарақат алды