АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Геосаяси жағдайлардың өзгеруі логистиканы да өзгертіп отыр, ал кеден әкімшілігі жаңа халықаралық Солтүстік-Оңтүстік және Шығыс-Батыс көлік-логистикалық дәліздерін қалыптастырудағы негізгі факторлардың бірі және ЕАЭО мен жаһандық Оңтүстік елдері арасындағы тауар айналымын арттырудың тиімді құралы болып саналады.
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов Мәскеуде өткен "Еуразиялық интеграцияның өлшемдері: көлік және логистика, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі" атты II халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда мәлімдеді.
Ол комиссияның кедендік реттеуді жетілдіру және бизнес пен азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысы туралы айтты.
Руслан Давыдов 2026 жылдың 11 ақпанынан бастап ЕАЭО-да жүктерді бақылау үшін электронды навигациялық пломбалар пайдаланылатынын құлағдар етті.
Серпінді технологияларды пайдалану Еуразиялық интеграциядағы маңызды кезең болып саналады, ол Одақты жаңа технологиялық деңгейге көтереді, сауданы жеделдетуге жәрдемдеседі және бақылау рәсімдерін жеңілдетеді.