Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақ Украинаға көмек ретінде 1 млрд еуро көлемінде жаңа транш бөлді

2022 жылдан бастап Украинаға Еуроодақтың жалпы көмегі шамамен 179,8 миллиард еуроны құрайды
Sputnik
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Еуропалық Одақ Ukraine Facility аясында Украинаға көмек ретінде 1,8 миллиард еуро көлемінде жаңа транш бөлді, деп хабарлады РИА Новости Еуроодақ кеңесінің саятында жарияланған құжатқа сілтеме жасап.
Еуропалық экономика жөніндегі комиссар Валдис Домбровскис ЕО 2022 жылдың ақпан айынан бастап Украинаға шамамен 178 миллиард еуро көлемінде жалпы қолдау көрсеткенін, оның ішінде 63,2 миллиард еуро әскери көмек көрсеткенін мәлімдеді.
"Кеңес Украина көмек бағдарламасы бойынша қолдаудың бесінші тұрақты төлемі туралы шешім қабылдағандықтан, Украина 1,8 миллиард еуро қаржыландыру алады. Бұл сома Украинаның бесінші траншқа қол жеткізу үшін қажетті тоғыз қадамды, сондай-ақ төртінші транштан бір орындалмаған қадамды сәтті аяқтағанын көрсетеді", - делінген мәлімдемеде.
Құжатта көрсетілгендей, қаржыландыру, ең алдымен, Украинаның макроқаржылық тұрақтылығын нығайтуға және оның мемлекеттік басқаруының үздіксіз жұмыс істеуін қолдауға бағытталған.
Осылайша, осы 1,8 миллиард еуроны ескере отырып, 2022 жылдан бастап Украинаға Еуроодақтың жалпы көмегі шамамен 179,8 миллиард еуроны құрайды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Бельгия Украинаға 1 млрд еуро көлемінде қолдау пакетін дайындап жатыр