Алматыда құрылыс кезінде заң бұзғандарға 28 млн теңге айыппұл салынды

Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 70 нысанға қатысты хаттама толтырылған
Sputnik
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Алматы облысында құрылыс сапасына бақылау күшейтілді, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Құрылыс басқармасы тарапынан есептік кезенде 42 азамат жеке қабылдауда болып, өтініштеріне заңға сәйкес жауап берілді. Сондай-ақ, 238 нысаннан құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы туралы хабарлама түскен.
"Жоспардан тыс тексеру нәтижесінде 70 нысанға қатысты хаттама толтырылып, заң бұзушылықтар анықталған. 21 іс ауданаралық соттарға жолданып, 49 құрылыс субъектісіне 28 млн теңге көлемінде айыппұл салынды", - деп жазылған хабарламада.
Атап айтқанда, тексерулер кезінде құрылыс нормаларының сақталмауы бірнеше ауданда тіркелген. Мұндай заңбұзушылықтар 72 пәтерлі тұрғын үй мен амбулатория құрылысы, саябақты абаттандыру жұмыстары, су электр станциясының оқу кешені, Сүмбе өзеніндегі су алу және қайта жаңарту нысаны, көппәтерлі тұрғын үйлердің абаттандыру жұмыстары кезінде анықталған.
Мониторинг нәтижесінде рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген 16 коммерциялық нысанның құрылысы анықталды. Бұл нысандарда мемлекеттік құрылыс нормалары мен бекітілген жобалардан ауытқулар тіркеліп, материалдар сот қарауына жіберілді.
Заңсыз ұтыс ойын ұйымдастырғандар 40 млн теңгеге жуық айыппұл төледі