Қостанайдағы қолайсыз ауа райына байланысты екі рейс кешікті

Бұл Қостанайдан Астанаға ұшып бара жатқан жолаушыларға әсер етті, олардың да рейсі кешікті
Sputnik
АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. Межелі қаладағы ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанадан Қостанайға ұшып шыққан Fly Arystan астанаға оралуына себеп болды, деп хабарлады компания Sputnik Kazakhstan агенттігіне.
Әуе компаниясы қайтымды ұшу кестесін қолданатындықтан, бір рейстің кешігуі автоматты түрде келесі рейске әсер етеді, деді компаниядағылар. Бұл Қостанайдан Астанаға ұшып бара жатқан жолаушыларға әсер етті, олардың да рейсі кешікті.
"FS7341 рейсінің жолаушыларына сусындар мен ыстық тамақ берілді. FS7342 рейсіндегі жолаушыларға қажеттілігі бойынша қонақ үйге орналасуға мүмкіндік қарастырылды", - делінген хабарламада.
Қостанай әуежайының тақтасында ұшып бара жатқан және ұшып келе жатқан екі рейс "кешікті" деп көрсетілген. Олардың бірі Астанадан, екіншісі Түркістаннан шығатын рейс.
Астанадан Бішкек пен Самарқанға тікелей рейстер іске қосылады