АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" басшысы инвесторлармен Қарашығанақта газ өңдеу зауытының құрылысын талқылады, деп хабарлады холдингтің баспасөз қызметі.
Асхат Хасенов Абу-Дабиде Shellконцернінің барлау және өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті Ричард Хоумен кездесуде зауыттың стратегиялық маңыздылығын айтты.
"Қарашығанақта мұнай өндіру 2025 жылдың алғашқы тоғыз айында 8,23 миллион тоннаны құрады, алайда бұл кезеңге 8,21 миллион тонна өндіру жоспарланған болатын", - делінген "ҚазМұнайГаз" компаниясының мәлімдемесінде.
Компания 2025 жылдың соңына қарай өндіріс көлемін шамамен 11,2 миллион тоннаға дейін жеткізуді көздеп отыр.