Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ердоған Ыстанбұлда Украинаға қатысты келіссөзді қайта бастау мәселесін талқылайды

Sputnik
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Ыстанбұлда Украина қақтығысына қатысты жағдай және Ресей мен Украина арасындағы келіссөзді қайта бастау жөніндегі бастамалар Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығымен өтетін үкімет отырысында талқыланады, деп хабарлады РИА Новостиге Ердоғанның әкімшілігіндегі дереккөз.
Бұған дейін Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Анкара Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөздің төртінші раундын Ыстанбұлда өткізуге дайын екенін мәлімдеген болатын.
"Украинадағы қақтығысты шешу мәселесі президент мырзаның тұрақты назарында болады. Қазіргі жағдай мен Ыстанбұл келіссөзін қайта бастау бастамалары бүгінгі үкімет отырысында талқыланады", - деп атап өтті агенттіктің дереккөзі.
Ресей мен Украина Ыстанбұлда үш рет тікелей келіссөз өткізді. Нәтижесінде тараптар тұтқын алмасты. Сонымен қатар Ресей қаза тапқан украин әскери қызметшілерінің мәйітін Киевке тапсырды. Тараптар сондай-ақ қақтығысты шешу бойынша меморандум жобаларын алмасты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қытай Украина дағдарысын келіссөз арқылы шешуді қолдайды