Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еуроодақ Украинаға 6 айға несие беруі мүмкін - БАҚ

Sputnik
АЛМАТЫ, 2 қараша - Sputnik. Еуроодақ Киевке 6 айға несие беруі мүмкін, деп хабарлайды Euronews телеарнасы. Бұл туралы РИА новости жазды.
Егер Ресей Федерациясының шектеу қойылған активтерін осы жылдың соңына дейін Украинаға көмек үшін пайдалану туралы шешім қабылдамаса, Еуроодақ аралық шешім ретінде Киевке алты ай мерзімге несие мақұлдап, әрі қарай активтер мәселесін талқылауды жалғастырады.
Мемлекет басшылары 23 қазанда Брюссельде өткен саммитте Еурокомиссияның Ресей Федерациясының Орталық банкінің шектеу қойылған активтерін Украинаға несие беру үшін негіз ретінде пайдалану туралы ұсынысын келісе алмады. Олар бұл мәселені 18-19 желтоқсанда Еуропалық кеңестің отырысында қайта талқылайды. Politico газетінің хабарлауынша, Еурокомиссия Еуроодақ елдеріне Киев үшін "ондаған миллиард еуроға" бірлескен қарыз алуды ұсынады деп күтілуде. Кейінірек басылым Еурокомиссия әлі де ресейлік активтерді пайдалану жолын қолайлы деп санайтынын атап өтті.
Euronews мәліметтері бойынша, ЕО мемлекеттері Украинаны екіжақты келісімдер аясында қолдай алады, бірақ олардың жүзеге асырылуы елдердегі сайлау циклдеріне байланысты болады.
"Егер активтер бойынша шешім қабылданбаса және мәселе келесі жылға ауыстырылса, ЕО аралық шешімге келісе алады. Ол алты ай ішінде Украинаның ең шұғыл қажеттіліктерін жабатын аз мөлшердегі несие", - делінген материалда.
Сонымен қатар телеарна активтер туралы пікірталастар ең жоғары деңгейде жалғасады дейді. ЕО көшбасшылары, сайып келгенде, олар туралы шешім қабылдауға мәжбүр болады, деп атап өтті Euronews.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Норвегиялық профессор Украина бойынша келісімді қазір жасауға шақырды