АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті
© Пресс-служба президента Казахстана
"Мемлекет басшысына биыл қараша айының соңында Қырғыз Республикасында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық барысы туралы баяндалды", - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар мәселе талқыланды.