Түркістан облысында үш қабатты тұрғын үйде жарылыс болды

Sputnik
АСТАНА, 31 қазан – Sputnik. Түркістан облысы Отырар ауданында үш қабатты тұрғын үйде газ жарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 30 қазанда Шәуілдір ауылында болған. QazaqGaz Aimaq компаниясының хабарлауынша, жарылыс себебі - газ жүйесіне рұқсатсыз қосылу.
"Оқиға салдарынан бір адам зардап шекті. Бірнеше пәтерге зақым келді. Елді мекенге газ жіберу уақытша тоқтатылды, мамандар желілерді тексеріп жатыр", - делінген хабарламада.
"QazaqGaz Aimaq" компаниясы газға өз бетінше қосылу қауіпті екенін еске салады. Бұл жұмысты тек лицензиясы бар мамандар жасауы керек.
Түркістан облысы Отырар ауданында үш қабатты тұрғын үйде газ жарылды