ТМД елдерінің қорғаныс министрлері Алматыда Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды

Алматыда ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің 85-ші отырысы өтті
Sputnik
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. Қорғаныс министрлері бүгін Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Олар сондай-ақ генерал Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова басқаратын Әскери-тарихи музейге барды.
Бүгін Алматыда ТМД елдері қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы өтті.
Қазақстан, Ресей және Беларусь министрлері әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды