Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Пентагон Трамп Зеленскиймен кездескенге дейін Украинаға Tomahawk-тың жеткізілуін мақұлдады

Sputnik
АСТАНА, 31 қазан - Sputnik. Пентагонның Украинаға ұзақ қашықтыққа ұшатын Tomahawk қанатты зымырандарын жеткізуге берген рұқсаты АҚШ президенті Дональд Трамптың Владимир Зеленскиймен кездесуіне дейін Ақ үйге жеткізілді. Бұл туралы РИА Новости CNN-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
"Біріккен штаб (АҚШ Қарулы Күштерінің – ред.) осы айда Трамптың Зеленскиймен кездесуіне дейін Ақ үйді өз бағасы туралы хабардар етті", - делінген телеарнаның сайтында.
Арнаның хабарлауынша, бұл шешім бастапқыда АҚШ-тың еуропалық одақтастарының қолдауын тапты, бірақ кейін америкаық және еуропалық шенеуніктерді Трамптың Киевке зымырандарды жеткізуге келіспеу туралы шешімі таңғалдырған.
"Содан кейін жабық есік артында Трамп Зеленскийге АҚШ-тың Tomahawk-ты әзірге жеткізбейтінін хабарлады - кем дегенде әзірге", - деп атап өтті телеарна.
CNN арнасының хабарлауынша, Пентагон Ақ үйге Украинаға зымырандарды беруге рұқсатты бергенде бұл АҚШ-тың қару-жарақ қорына зиян тигізбейді және соңғы саяси шешім Трамп қабылдайды деп есептеген.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Tomahawk зымырандарын Украинаға беру процесі уақытша тоқтатылды – Рада