Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Жапония премьер-министрі мен Трамп Украинадағы бейбітшілікті талқылады

Жапония премьер-министрі "Таяу Шығыс және Украина мәселелері" талқыланғанын айтқанмен, нақты не талқыланған егжей-тегжейлі айтпады
Sputnik
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити мен АҚШ президенті Дональд Трамп саммитте Украинадағы бейбітшілікті талқылады. Бұл туралы Жапония кабинетінің бас хатшысы Минору Кихара бейсенбідегі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлады РИА Новости.
Трамп пен Такаичидің кездесуі сейсенбіде өткен болатын.
Саммиттен кейін Жапония премьер-министрі "Таяу Шығыс және Украина мәселелері" талқыланғанын айтқанмен, нақты не талқыланған егжей-тегжейлі айтпады.

"Жапония-АҚШ саммитінде екі көшбасшы да Украинада әділ және ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізу үшін екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы келісті. Мен бұл дипломатиялық мәселе болғандықтан, қосымша түсініктеме берген дұрыс емес деп ойлаймын", - деді Кихара.

Ресей президенті Владимир Путин Украина дағдарысын ұзақ мерзімді шешу үшін оның түпкі себептерін жою қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Украина дағдарысы оңынан шешілетініне үміттенетінін айтты