Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Норвегиялық профессор Украина бойынша келісімді қазір жасауға шақырды

Sputnik
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. АҚШ ерте ме, кеш пе, ДХР Ресейдің бақылауына өтіп кететінін түсінеді, сондықтан Украина бойынша келісімді қазір жасаған дұрыс, деп мәлімдеді Оңтүстік-Шығыс Норвегия университетінің профессоры Гленн Дизен.
"Америкалықтар Ресей қарулы күштерінің ерте ме, кеш пе, Донецкіні бақылауға алатынын, сол уақытқа дейін басқа да стратегиялық маңызды аумақтарды өзіне қаратып, Украинаның одан да көп инфрақұрылымын жойып жіберетінін түсініп отыр. Сондықтан қазір келісім жасасу Америка Құрама Штаттарының мүддесіне сай келеді, себебі бұл неғұрлым ұзаққа созылса, соғұрлым қиындай түседі", - деді Дизен РИА Новостиге.
Оның айтуынша, Мәскеу кейбір жеңілдіктерге баруы мүмкін, бірақ бұл 1990 жылдардан бері сұрап келе жатқан өзара қолайлы еуропалық қауіпсіздік архитектурасын алған жағдайда ғана мүмкін болмақ.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Жапония премьер-министрі мен Трамп Украинадағы бейбітшілікті талқылады