Биыл 100-ге жуық елден 895 фотограф шамамен 3500 сурет жолдап, үздік болу үшін бақ сынасты. Байқауға қатысушылар Вьетнам мен Алжирден бастап Лофотен аралдарына дейінгі әлемнің сұлу жерлерінде керемет панорамалық суреттер түсірді.
Epson International Pano Awards - панорамалық сурет бойынша әлемдегі ең ірі байқаулардың бірі, оның жүлде қоры 50 мың доллардан асады. 2009 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл байқау үлкен форматты сурет өнеріне арналған. Байқауға әлемнің түрлі елдерінен кәсіби мамандар да, әуесқойлар да қатысады.
Италиялық фотограф Алекс Вайдес (Алессандро Кантарелли) "2025 жылдың үздік фотографы" атанды. Ол әлемнің таңғажайып пейзаждарын біріктірген топтама суреттер үшін "Пейзаж" номинациясында бас марапатты жеңіп алды. Алекс Вайдес экстремалды пейзаждардың әсерлі панорамалары суреттері арқылы танымал болды.