АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа отырысы өтті.
Іс-шарада ЕАЭО елдерінің агроөнеркәсіп кешендерін дамытудың ұзақ мерзімді болжамдары бекітілді.
"Болжамдар одақ елдерінің агроөнеркәсіп кешенін АӨК) дамытудың ұзақ мерзімді үрдістерін, сондай-ақ олардың әлеуетті өндірістік және тұтынушылық кеңістігін бағалауға мүмкіндік береді. Ұзақ мерзімді болжамдар ЕАЭО мемлекеттерінің АӨК дамуын болжау әдістемесіне сәйкес әзірленді", — деп хабарлады ЕЭК.
2020 жылы бекітілген құжат ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық дамуы мен негізгі агро азық-түлік тауарларын пайдалану нарығына қатысты бес және он жылдық болжамдарды қалыптастыруға, сондай-ақ көрсеткіштерді екі жыл сайын түзетуге мүмкіндік береді.