Алматыда анасын өлтірді деген күдікпен ұлы ұсталды

Күдікті 41 жаста, ол дәрігер есебінде тұрған
Sputnik
АСТАНА, 30 қазан – Sputnik. Алматы қаласының Бостандық ауданында ер адам анасын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Күдікті 41 жаста, ол дәрігер есебінде тұрған.
"Күдікті – психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған, марқұмның 41 жастағы ұлы ұсталды. Оқиғаның өзге де мән-жайлары анықталып жатыр", - дейді ведомстводағылар.
Кісі өлтіру дерегі бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.
Павлодарда 3 жастағы қызын өлтірді деген күдікпен ер адам қамауға алынды