Тоқаев әлем жұлдыздары қатысып жатқан шоу-матчты тамашалады

Алғаш рет өткен турнирге әлемнің 14 елінен 300-ден аса спортшы қатысып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 29 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогына барды, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогына барды
"Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Кубогының негізгі шараларының бірі – үстел теннисінен әлемдік жұлдыздардың қатысуымен өтіп жатқан шоу-матчты тамашалады", - деп жазылған хабарламада.
Президент Олимпиада чемпионы Сюй Синь (ҚХР), Әлем чемпионы және Олимпиада ойындарының жүлдегері Шлагер Вернер (Аустрия), Әлем чемпиондары Фан Бо (ҚХР) және Чу Се Хёк (Корей Республикасы) сияқты үстел теннисінің майталмандарымен әңгімелесті.
1 / 5
Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисінен Қазақстан Республикасы Президентінің ашық кубогына барды
2 / 5

3 / 5

4 / 5

5 / 5

Алғаш рет өткен турнирге әлемнің 14 елінен 300-ден аса спортшы қатысып жатыр. Олардың арасында ITTF рейтингісі бойынша ең үздік 100 теннисшінің қатарына енген ойыншылар мен Қазақстанның танымал спортшылары бар.