Павлодарда мұғалім ҰБТ-да көмектесу үшін 1 млн теңге алған

Ақшасынан айырылған ер адам полицияға шағымданған
Sputnik
АСТАНА, 29 қазан - Sputnik. Павлодарда ҰБТ тапсыру кезінде көмектесемін деп 1 млн теңге алған бұрынғы мұғалім ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақшасынан айырылған ер адам полицияға шағымданған.
"Павлодар қаласындағы мектептердің бірінде бұрын мұғалім болып жұмыс істеген адам ұлттық бірыңғай тест тапсыруға көмек көрсетемін деп 1 млн теңге алған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - дейді ведомстводағылар.
Қазіргі уақытта күдіктінің өңір аумағында осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Полиция азаматтарға егер осындай алаяқтық әрекеттердің құрбаны болса, бірден құқық қорғау органдарына жүгінуді ескертеді.
Айта кетейік, биылғы жылдың басынан бері Павлодар облысында 1872 киберқылмыс тіркелген.
Білім
25 мың адам тамыз айындағы ҰБТ-ны тапсырды