АЛМАТЫ, 29 қазан — Sputnik. Алматыда полицейлер мүйізтұмсықтың көзінен таспен ұрған ер адамды іздеп жатыр. Бұл туралы Алматы хайуанаттар бағының әкімшілігі хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше зообаққа келгендердің бірі мүйізтұмсықтың назарын өзіне аудармақ болып, жануарға тас лақтырған. Тас көзіне тиген.
Бұл басқа демалушылардың наразылығын тудырғандықтан ер адам қашып кеткен. Зоопарк мамандарының айтуынша тамақтандырғысы келетіндер болмаса, мұндай сорақылық бұрын-соңды болған емес.
"Мүйізтұмсық зардап шеккен жоқ. Оны бірден мамандар тексерді, көзі жарақат алмаған. Тек адамдарға деген реніш. Бұл ұрғашы мүйізтұмсық, есімі – Сезім. Бұрын өзін еркін сезінетін, қазір адамдардан қашқақтайды", - дейді зообақ ветеринары Юлия Дудкина.
Оқиғадан кейін бірден Алматы хайуанаттар бағының әкімшілігі полицияға арыз жазған. Қазір тәртіп сақшылары ер адамды іздеп жатыр.
Сонымен қатар Алматы хайуанаттар бағының мамандары мұндай жағдайлар қайталанбайды деп үміттенеді. Олардың айтуынша, қонақтарға хайуанаттар бағы ойын-сауық орны емес, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарлар түрлерінің популяциясын сақтауға арналған маңызды ғылыми ұйым екенін еске салды.