Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтатуға тағы да уәде берді

Кремль бұған дейін қақтығыстың бір күнде шешілмейтін тым күрделі мәселе екенін мәлімдеген болатын
Sputnik
АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен Будапеште өтуге тиіс кездесуді кейінге қалдырғаннан кейін Украинадағы қақтығысты тоқтататынын тағы да мәлімдеді.
"Біз тоғыз соғысты тоқтаттық. Жоқ, сегіз екен, жақын арада тағы біреуін бейбіт болмен шешеміз. Келесісі Украинадағы қақтығыс болады деп ойлаймын. Оңай болады деп ойлап едім. Біз Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтаттық, бұл соғысты да бейбіт жолмен шешеміз", - деді Трамп Токиода бизнес өкілдерімен кездесуі кезінде.
Кремль бұған дейін қақтығыстың бір күнде шешілмейтін тым күрделі мәселе екенін мәлімдеген болатын.
Еске сала кетейік, Трамп Путинмен Будапеште жоспарланған кездесуін тоқтатқанын хабарлады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп бұғатталған ресейлік активтерді пайдалану мәселесіне араласпайтынын мәлімдеді