АСТАНА, 28 қазан – Sputnik. Бейжің Украина дағдарысын диалог арқылы шешуді қолдайды, деп мәлімдеді Қытай үкіметінің Еуразия істері жөніндегі арнайы өкілі Сунь Линьцзян.
"Украина дағдарысына қатысты айтсақ, мен диалог арқылы бейбітшілікке қол жеткізуді қолдаймын", - деді ол Минскідегі Еуразия қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде.
"Қытай бұл мәселеде сындарлы рөл атқаруын жалғастыра береді", - деп толықтырды ол.
Конференцияға Еуропадан Азияға, Таяу Шығыстан Солтүстік Америкаға дейінгі 40-тан астам елдің және жеті халықаралық ұйымның: ҰҚШҰ, АӨСШК, ШЫҰ, Одақтас мемлекет, ТМД, Қызыл Крест және Халықаралық көші-қон ұйымының өкілдері қатысты.