Алматыда шетелдіктер теракт жасамақ болған

Жалпы жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның алтауы шетелдіктер
Sputnik
АСТАНА, 28 қазан - Sputnik. Алматыда 5 шетелдік террорлық акт жасамақ болды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында қыркүйекте 5 шетелдік жоспарлаған террорлық актінің алдын алды.

"Олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынды", - дейді ведомстводағылар.

Сол кезеңде Ұлттық қауіпсіздік комитеті материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.
Жалпы жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның алтауы шетелдіктер, дейді комитеттегілер.
ҰҚК бір айда жемқорлыққа қатысты 17 қылмыстық іс қозғады