Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп бұғатталған ресейлік активтерді пайдалану мәселесіне араласпайтынын мәлімдеді

Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін ЕО және G7 елдері Ресейдің валюта қорының жартысына жуығын – 300 миллиард еуроны бұғаттады
Sputnik
АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Еуроодақтың Украинаға әскери көмек көрсету мақсатында бұғатталған ресейлік активтерді пайдалану туралы бастамасына араласпайтынын мәлімдеді.
"Еуроодақтан сұрап көріңіз. Менің бұған қатысым жоқ", - деп атап өтті Трамп тілшінің "блок Украинаға әскери көмек көрсету үшін активтерді пайдалануы керек пе?" деген сұрағына жауап бере отырып.
Украинадағы қақтығыс басталғаннан кейін ЕО және G7 елдері Ресейдің валюта қорының жартысына жуығын – 300 миллиард еуроны бұғаттады. ЕО-да 200 миллиард еуродан астам қаражат, оның негізгі бөлігі Бельгияның Euroclear шоттарында жатыр. Еурокомиссия өкілі Маркус Ламмерт тамыз айының соңында Ресейдің тыйым салынған активтерінен түскен 9 миллиард еуроның қаңтар айынан бастап Киевке жіберілгенін хабарлады.
Ресей АҚШ пен НАТО Украинадағы қақтығысқа қару-жарақ жеткізу арқылы ғана емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа елдерде Украина қарулы күштерін дайындау арқылы тікелей қатысып жатыр деп бірнеше рет мәлімдеген. Кремль Батыстың Украинаға қару-жарақ жеткізуі келіссөзге ықпал етпейтінін және оның кері әсері болатынын айтты.