АСТАНА, 26 қазан – Sputnik. Түркістан облысында полицейлер медициналық мекемеден қашып кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Полицияның мәліметінше, ер адам Түркістан қаласында танысының үйінде жасырынып жүрген және жедел-іздестіру іс-шарасы барысында ұсталған. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды. Барлық мән-жай анықталып жатыр.
"Бұл жағдай Түркістан облысы ПД басшысының жеке бақылауында", – делінген хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оны іздеуге барлық полиция бөлімшесі, блок-посттар, қосымша іздеу топтары жұмылдырылған.
Айта кетері, 23 қазан күні Түркістан қаласындағы ауруханада ем қабылдап жатқан сотталушы медициналық мекемеден қашып кеткен.