Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Ресейге қарсы енгізген санкцияларды "өте күшті" деп бағалады

Америка көшбасшысы санкциялардың Ресей экономикасына әсері болады деп санайды
Sputnik
АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы енгізген санкцияларының "өте күшті" екенін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Біз Ресейге қарсы өте маңызды санкциялар салдық, менің ойымша, олар өте күшті санкциялар", - деді Трамп Азияға бара жатқан Air Force One бортында, Ақ үйдің хабарлауынша.
Америка көшбасшысы санкциялардың Ресей экономикасына әсері болады деп санайды.
"Ресей президенті Владимир Путин санкциялардың көп әсер етпейтінін айтады. Білмеймін, оның бұлай айтқаны дұрыс емес деп ойлаймын", - деді Трамп.
Бұған дейін АҚШ президенті Украинадағы жағдайға байланысты "Лукойл" мен "Роснефть" компанияларына қарсы санкциялар салған болатын. Бұл АҚШ билігіне жаңа әкімшілік келгеннен бері енгізілген алғашқы санкциялар болды.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Фицо Еуроодақты Путин мен Трамп кездесуі өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға шақырды