АСТАНА, 25 қазан – Sputnik. "Қазавтожол" компаниясы ауа райының бұзылуына байланысты үш облыстың жүргізушілерін жолда барынша сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Компания мәліметіне сәйкес 2025 жылдың 25-27 қазаны аралығында Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр және қар жауады деп болжанып отыр.
"Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескеруді сұраймыз", - деп жазылған хабарламада.
"Қазавтожол" мамандары 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болатынын еске салды.