Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп пен Путин Будапештте кездеспейтін болды

Алайда АҚШ президенті Украинадағы қақтығысты шешуге деген ұстанымын сақтайтынын айтты
Sputnik
АСТАНА, 23 қазан — Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Будапештте Ресей басшысы Владимир Путинмен жоспарланған кездесудің болмайтынын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
Оған себеп, Трамптың ойынша олар ойлаған мақсатқа жете алмайды, деп хабарлады портал.

"Біз президент Путинмен кездесуді тоқтаттық. Бұл дұрыс емес деген күйде болдым. Мен дұрыс мақсатқа жете алмайтындай сезіндім", — деді Трамп журналистерге.

Сонымен бірге АҚШ президенті болашақта ресейлік әріптесімен кездесуді жоспарлап отырғанын және Украинадағы қақтығысты шешуге деген ұстанымын сақтайтынын айтты. Ол сондай-ақ Ресейге қарсы жаңа санкциялардың уақыты келді деп мәлімдеді.
"Бұл санкциялар екі ірі мұнай компаниясына қарсы, және олар ұзаққа созылмайды деп үміттенеміз", - деді Трамп.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Фицо Еуроодақты Путин мен Трамп кездесуі өтуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға шақырды