АСТАНА, 23 қазан — Sputnik. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігі сілкінісі туралы хабарлады, ол жергілікті уақыт бойынша сағат 12:20-да тіркелді.
Эпицентр Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 136 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан, делінген хабарламада.
"Тереңдігі 10 км, жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.1. MPV магнитудасы 4.9. Сезілгендігі туралы нақты ақпарат жоқ", - деп жазды ТЖМ.
Алайда Алматының тұрғындары ештеңе сезбегенін айтады.
Айта кетейік, алматылықтардың телефондарына құтқарушылардан ескерту келген.