АСТАНА, 22 қазан - Sputnik. Ресей мен Қазақстанның "Бәйтерек" ғарыш жобасы соңғы кезеңге өтті, деп мәлімдеді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
"Бұл жыл аты аңызға айналған "Байқоңыр" ғарыш айлағының 70 жылдығымен байланысты болып отыр. Қазақстанда Ұлттық ғарыш бағдарламасын құруға ықпал ететін Ресей мен Қазақстанның "Бәйтерек" жобасының соңғы кезеңі басталды", - деді Лавров Қазақстан СІМ басшысымен келіссөздер қорытындысы бойынша.
Қазақстанмен бірлескен "Бәйтерек" жобасы бойынша ұшуларға арналған Ресейде әзірленген "Союз-5" зымыраны сынақтарынан сәтті өтті.