2027 жылы Қазақстанда таэквондодан әлем чемпионаты өтеді

Қазақстанның кандидатурасын барлық мүше елдің өкілдері бірауыздан қолдады
Sputnik
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Қазақстан 2027 жылғы таэквондодан (WT) әлем чемпионатын өткізетін ел ретінде ресми түрде таңдалды.
Таэквондодан әлем чемпионаты тарихта алғаш рет Қазақстанда ғана емес, Орталық Азияда да өтеді. Жарыс елордамыз Астанада өтеді деп жоспарланып отыр.
Бұл шешім Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты кезінде өткен Дүниежүзілік таэквондо федерациясының (WT) отырысында қабылданды.
Қазақстанның кандидатурасын барлық мүше елдің өкілдері бірауыздан қолдады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы әлем чемпионаты қазір Усиде өтіп жатыр, оған 179 елден 900-ден астам спортшы қатысып жатыр. Турнирге Қазақстан атынан 16 таэквондошы бақ сынап жатыр.
Әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына тағы бір алтын медаль түсті