АСТАНА, 20 қазан — Sputnik. Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың (сиыр етінің) әкетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрықтың жобасын жариялады.
Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін сиыр етін Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) мемлекеттеріне әкетуге сандық шектеулер (квоталар) енгізіледі.
Бұйрықтың мақсаты – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту, сондай-ақ сиыр етінің бағасын тұрақтандыру, дейді министрлік.
Жоба "Ашық НҚА" порталында 2025 жылдың 22 қазанына дейін орналастырылған.