"Қайрат" – "Пафос" ойыны: Алматы полициясы қауіпсіздік шараларын күшейтті

Алматы мен Кипр командалары 21 қазанда орталық стадионда ойнайды
Sputnik
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Алматы полициясы "Қайрат" – "Пафос" футбол ойыны қарсаңында қауіпсіздік шараларын күшейтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматы мен Кипр командалары 21 қазанда орталық стадионда ойнайды.
Полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтау мен трибуналардағы бақылаудан бастап спорт нысаны маңындағы жол қозғалысын реттеуге дейінгі шараларға атсалысады.
"Матч кезінде көлік қозғалысына ішінара шектеулер енгізілуі мүмкін. Осыған байланысты алматылықтарға өз бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша шараларға түсіністікпен қарау ұсынылады. Мұндай іс-шаралардағы қауіпсіздік тек тәртіп сақшыларына ғана емес, азаматтардың жауапкершілігіне де байланысты. Жанкүйерлерден тәртіп сақтап, полициямен өзара ынтымақтастық танытуды сұраймыз", – дейді полицейлер.
Айта кетері, бұған дейін "Қайрат" футболшылары УЕФА Чемпиондар лигасы аясында "Реал Мадридпен" кездескен болатын. Сол кезде қарсыластар 5:0 есебімен жеңіске жеткен.
"Қайрат" – "Реал Мадрид" ойынын тамашалауға 5 мыңнан астам турист келді