Жезқазғанда ағайынды зейнет жасындағы ер адамдар дүкен мен сұлулық салондарын тонаған

Келтірілген жалпы материалдық шығын 1,5 миллион теңгеден асқан
Sputnik
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Жезқазғанда бірнеше ұрлық жасаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның жедел-іздестіру шаралары барысында 63 және 59 жастағы Жезқазған қаласының екі тұрғыны – ағайындылар анықталған.
"Тергеу барысында олардың биылғы жылдың тамыз бен қазан айлары аралығында бірнеше дүкен, сұлулық салоны және тұрғын үйден ақша, телефон, банк карталары мен бағалы заттарды ұрлағандары белгілі болды", - делінген хабарламада.
Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын 1,5 миллион теңгеден асқан.
Күдіктінің екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция азаматтарды жеке мүліктеріне ұқыпты қарап, бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға шақырады.
Астанаға қонаққа келген екі жігіт ұрлық жасаған