АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. Владимир Зеленский Ресеймен келісімге келіп, қақтығысты аяқтайтын уақыт келді, деп хабарлады АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде. Бұл туралы РИА новости жазды.
"Мен оған президент Путинге айтқандай кісі өлтіруді тоқтатып, келісім жасасатын уақыт келді дедім", - деп жазды ол.
Американдық көшбасшы сонымен қатар екі тарап та өздерін жеңімпаз деп жариялайтынын айтты. Оның пікірінше, тарих бәрін шешуі керек.
Сонымен қатар, саясаткер оның Ресей президенті Владимир Путинмен Будапешттегі кездесуі екіжақты болатынын, Киев режимінің басшысы болмайтынын атап өтті.